JIS
Иістер Әлеміне Саяхат Осында Басталады
Иістер Әлеміне Саяхат Осында Басталады
Иіс сезімін жаттықтырудың адамның менталдық және эмоционалдық қабілеттерін дамытатыны туралы зерттеулер жылдан жылға артып келеді. Ғылыми мақалалар тізімін мыны парақшадан таба аласыздар: Мақалалар. Сіздің қолыңыздағы JIS аромакарталары иіс сезімін жаттықтырудың пайдаларына оңай, қызықты әрі қолжетімді түрде жетуге мүмкіндік береді.
Иіс сезімін жаттықтырудың пайдалары:
Мидың нейроикемділігін арттырады, яғни миымыздың жаңа нәрселерге үйрену қабілетін артады;
Назар аудару мен фокусты ұстау қабілеті, кеңістіктік үйрену қабілеті, қысқа мерзімдік есте сақтау қабілеті артады;
Ақыл-ес, есте сақтау қабілеті төмендей бастаған, жасы үлкен адамдардың есте сақтау қабілеті мен сөздік (вербальдық) қабілетін арттырады;
Иіс сезу мен есте сақтауға жауап беретін мидың орбифронтальдық қыртыс пен гиппокамп аймақтарындағы сұрғылт зат көлемін арттырады;
Альцгеймер мен деменция (алжу) рискін төмендетеді, алдын алады;
Эмоциялар мен есте сақтауға жауап беретін амигдала мен гиппокамп аймақтарының белсенділігін арттырады;
Депрессия мен стресс симптомдарын төмендетеді;
Әр иіс жаңа эмоциялар жиынтығын сыйлап, адамның дүниетанымын дамытады.
Иіс сезімін жаттықтыру курсы:
Мерзімі: 2-6 ай.
Күн сайын керек иістер саны: 4-6 әр түрлі иістер.
Иіс сезімін жаттықтыру құралы: JIS аромакарталары немесе үйіңіздегі кез-келген иістер.
JIS аромакарталарымен иіс сезімін жаттықтыру оңай әрі қызықты өтеді және сізден күн сайын таңертең не кешке тек 10-15 минутты ғана талап етеді. Жаттығуды бастау үшін өзіңіздің JIS аромакарталар жинағыңыздан 4-6 иісті карталарды шығарыңыз. Әр иісті кезек-кезек ашып, терең дем алып иіскеңіз.
Иістердің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын қалам мен қағаз алып түртіп отырсаңыз да болады. Бұл иіс сізде нені еске түсіреді? Иіс сізде қандай сезімдерді шақырады? Бұл иісті қандай адам мінездерімен, қандай түстермен, қандай формалармен сипаттар едіңіз? Бұл иіс жинақтағы қай иіске ең жақын? Тағы осы секілді сұрақтарға жауап бере отырып, сіз иіс жаттықтырудың менталдық және эмоционалдық пайдаларына толыққанды қол жеткізе аласыз.
JIS аромакарталарын өзіңізге не жақындарыңызбен жасырып, жаттығуды ойын ретінде өткізудің де пайдасы зор.
Егер иістер алынған өсімдік туралы, оның тарихы мен қолданыстары туралы, парфюмериядаға орны туралы қызықты деректермен біліміңізді толықтырғыңыз келсе, карта бетіндегі QR-ға өтіп, иістер энциклопедиясын аша аласыз.
JIS аромакарталары иістер саны да, олар туралы да әрқашан толықтырылып отырады. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген иістер арқылы иіс сезімін жаттықтыру барлығымызға қолжетімді әрі қызықты болмақ.
JIS аромакарталарын қалай сақтайды?
Қолданылмаған кезде жабық ұстаңыз
Дұрыс жабыңыз
Тоңазытқышта не мұздатқышта сақтаңыз
JIS аромакарталары табиғи иістерді ұзақ сақтап тұруға арналып жасалған. Аромакарталар дұрыс жабылған болса, иістік қасиеттерін айлап сақтай алады. Егер сіз өзіңіздің JIS аромакарталарыңыздың ұзағырақ әрі сапалы сақталғанын қаласаңыз, оларды тоңазытқышта не ең дұрысы мұздатқышта сақтағаныңыз жөн. Сонда сіз ондағы иістерден ұзағырақ ләззаттана аласыз.
Иістер әлеміне қош келдіңіз!
Иіс— иіс сезу мүшесі сезе алатын химиялық зат. Иіс сезу— қоршаған орта туралы ақпарат беретін түрлі сезу мүшелерінің бірі. Иістер түрлі органикалық молекулалардан тұрады. Органикалық молекулалар ұшқыш келеді. Жоғары температураларда иіс молекулалару ауада тарап, сіз дем алған кезде мұрыныңыздағы рецепторларға жетеді. Біз осылай иістерді сеземіз. Төмен температураларда молекулалардың ұшқыш қасиеті төмендейді. Сондықтанда біз қысқы суық мезгілдерде иістерді аз кездестіреміз.
Адамдағы сезу мүшелеріне мыналар жатады:
Көру: фоторецепция, стимулы: жарық;
Есту: механорецепция, стимулы: дыбыс толқындары;
Иіс сезу: хеморецепция, стимулы: ауадағы ұшқыш химиялық заттар;
Дәм сезу: хеморецепция, стимулы: ерітілген химиялық заттар;
Терімен сезіну: темморецепция мен механорецепция, стимулдары: қысым, температура, вибрация.
Бұл адамда бар бес сезімге тағы баланс сезімі, позиция сезімі, ішкі дене сезімі секілді сезімдерді қосады. Табиғатта адамда табылмайтын сезімдер де кездеседі. Мысалы, эхолокация, электрорецепция, магниторецепция, гигрорецепция және т.б.
Адамдағы сезу мүшелерінің шектеулері бар.
Адам көзі тек толқын ұзындығы 380-740 нм аралығындағы жарықты көре алады,
Құлағы тек 20-20,000 Гц аралығындағы дыбыс толқынын ести алады,
Тіліміз тек 5 дәмді сезе алады: тәтті, ащы, қышқыл, тұзды, және умами.
Теріміз тек 10-45°C аралығындағы температураны анықтай алса, одан төмен не жоғары температуралар тез ауыру сезімін тудырады, және терімен микро текстураларды ажырату қиын.
Иіс сезіміне келестін болсақ, түрлі зерттеулер адамды 10 мыңнан 1 триллионға дейін иістер мен иістер қоспасын ажырата алады дейді. Ал сезімталдығы бойынша, адам кейбір иістердің өте аз мөлшерін сезе алады. Мысалы, біз күкіртсутекті (шіріген жұмыртқа иісін беретін H₂S) 0.5-1 ppb мөлшерінде анықтай аламыз. Жалпы адам сезе алатын иістер H₂S, NH₃ секілді кішкентай молекулалардан басталып С₂₀ молекулаларға, яғни құрамында 20 дейін көміртегі бар алып органикалық молекулаларға дейін қамтиды.