Иланг-Иланг
cananga odarata
cananga odarata
Бір кездері тек жасминге арзан алмастырушы ретінде қаралған бұл ақшыл сары гүл иісі қазір ароматика нарығындағы иістердің әрбір үшіншісінде кездесетен таптырмас компонентке айналды.
Бұл гүлдер тропикалық климатта биіктігі 30 метрге дейін жететін ағаш түрінде өседі. Әдетте ағаштар 50 жылға дейін өмір сүріп, әр жыл сайын гүлдейді, бірақ өнімі 25-30 жастан кейін айтарлықтай төмендейді. Терімшілік гүлдердің иістік қасиеті ең жоғары болатын таң уақытында жүзеге асырылады. Теруші күніне 20 кг дейін гүл жинай алады және эфир майының шығымы жоғары болып келеді.
Иланг-иланг иісі туберозадан жасминге дейінгі аралықта орналасқан. Ол кілегейлі, жемістік және сәл жануарлық иіске ие.
Отаны Оңтүстік-Шығыс Азия мен Аустралия болып келетін, тез өсетін иланг-иланг “кілегейлі алма” ағаштар тобының бір мүшесі болып табылады. Түрдің латынша атауындағы “odorata” сөзі “иісті” деген мағынаны білдіреді. Дистильдеп эфир майын алу кезінде бірінші бөлініп шығатын ең жоғары сапалы фракциясын “иланг-иланг экстра” деп атайды және ол жалпы шығымның 40%-ын құрайды. Эфир майы терпеноидтар мен пинен, линеоол, гераниол, метил бензоат және бензил ацетат секілді ұшқыш заттардың күрделі қоспасынан тұрады.
Нота: орта.
Арома типі: гүлдер.
Арома профилі:
тәтті, шөптік, кішкене дәмдеуіштік, бальзамдық/ағаштық ізді.
гүл иісті, сезімдерге бөлейтін және өте тәтті.
Үйлесімді: цитрустар мен роза секілді гүлдер.
Эфир
Ғылыми атауы: cananga odarata.
Өсімдік бөлігі: гүлдері.
Экстракция: бумен дистильдеу.
Май сипаты: түссіз не сарғыш, ашық, аз-маз майлы сұйықтық.
Медия
Bibliography
Listening to Scent: An Olfactory Journey with Aromatic Plants and Their Extracts. Jennifer Peace Rhind. 2014. Singing Dragon.
The Illustrated Encyclopedia of Essential Oils: The Complete Guide to the Use of Oils in Aromatherapy and Herbalism. Julia Lawless. 1995. Element Books.
Perfume and Flavor Materials of Natural Origin. Steffen Arctander. 1962. Allured.
Images: Wikimedia Commons.