Қырым Жусаны
artemisia taurica
artemisia taurica
Латынша атауы artemisia taurica немесе seriphidium tauricum болып келетін, Қырымның далалы аймақтары мен түбектің оңтүстік жағалауында өсетін қырым жусаны-- Жапон теңізінен Адриатикаға дейінгі байтақ далада өсетін жүздеген жусан түрлерінің бірі. Қырым жусаны көпжылдық өсімдік, ботаникалық тұрғыда Астралықтар әулетіне жатады. Жусанның бұл түрі кәдімгі жусан (artemisia vulgaris) мен ащы жусанның (artemisia absinthium) шағылысынан туындаған деген тұжырым бар.
Қырым жусаны шала бұтаға жатады. Оның жоғарғы бөлігі жыл сайын күзде қурап кетеді де, көктемде қайта өсіп шығады. Өсімдіктің түсі сұрғылт жасыл. Ол маусым соңы мен қыркүйек басында гүлдей бастайды да, қазанға қарай оны орып жинап алады. Дәні қазан соңында піседі.
Ең көп таралған жерлері Қырымның теңіз жағалаулары, Азов теңізінің солтүстік-батыс жағалауы мен Кубань өзенінің сағасына жақын оң жағалауы. Донның сағасы мен Кубантның жоғарғы ағысында, Ставрополь маңында да кездеседі.
Қырым жусанының эфир майын жоғарғы бөлігін бумен дистильдеу арқылы алады. Майдың бір ерекшілігі--ол құрғақ жусанда да ұзақ сақталады, мысалы, 5 жыл сақталған қырым жусанының эфир майы жығымы 0.7%-ға жеткен екен, ал жаңа жиналған жусанда ол әдетте 1-2.5%-ға жетеді.
Қырым жусаны майының құрамында абиентол, пинен, таурицин лактоны мен секвитерпен лактондар: тауремизин, артемин мен таурин кездеседі. Тауремизин орталық жүйке жүйесін өршіткіш болып табылады, жүрек соғысын жылдамдатады және қан қысымын арттырады. Бұл жусан түрінен ауруды басатын, қанайналымын жақсартатын, антимикробтық және саңырауқұлақтарға қарсы сырттай қолданатын дәрілер шығарылады. Қырым жусанын жылқы жегенде улануы мүмкін. Мысалы, Петр I Персияға жорығында 500 ат қырым жусанынан уланған екен. Жылқы үшін улы доза шамамен 250 грам құрғақ қырым жусаны делінеді.
Қырым жусаны бір жағынан жандандыратын тік, бірақ бір жағынан жағымды шөптік иіске ие. Ол лавандамен жақсы үйлеседі. Бұл парфюмер Триш Макэвой жасап шығарған, жоғарғы нотасы лаванда, жусан мен базилик болып келетін "10 Lavender Spice" әтірінде жақсы байқалады.
Note: бас.
Aroma Family: шөптер.
Aroma profile:
жандандыратын, дәмдеуіштегідей, шөптік арома.
Blends well with: лаванда
Эфир
Ғылыми атауы: artemisia taurica.
Өсімдік бөлігі: шөбі.
Экстракция: бумен дистильдеу.
Май сипаты: таза, ашық, сұйық.
Bibliography
Listening to Scent: An Olfactory Journey with Aromatic Plants and Their Extracts. Jennifer Peace Rhind. 2014. Singing Dragon.
The Illustrated Encyclopedia of Essential Oils: The Complete Guide to the Use of Oils in Aromatherapy and Herbalism. Julia Lawless. 1995. Element Books.
Perfume and Flavor Materials of Natural Origin. Steffen Arctander. 1962. Allured.
Images: Wikimedia Commons.