Жұлдызды Анис
illicium verum
illicium verum
Жұлдызды анис (illicium verum) ағашының кептірілген жемісі дәмдеуіш пен фармацевтикалық молекулалардың көзі болып табылады. Ол қытайдың әйгілі 5 ұнтақ дәмдеуіштері қатарына кіреді.
Бұл өсімдіктің отаны Қытайдың оңтүстік-шығыс провинциялары мен Вьетнам болып есептеледі. Оның иісі мен қолданатын аймақтары анистіңкіне (pimpinella anisum) ұқсас болғанымен ботаникалық тұрғыдан бұл өсімдіктердің бір-біріне ешқандай қатысы жоқ. Иісі жақсы таралатын, ароматты эфир майы кәмпиттер мен ішімдіктерде хошиістендіргіш ретінде және парфюмерияда көп қолданылады.
Фармацевтикада жұлдызды анис тұмауға қарсы оселтамивир (Tamiflu) атты дәріні синтездеуге қолданылатын шиким қышқылының көзі болып табылады. фенхель, кассия, қалампыр мен Сычуан бұрышымен бірге Қытайдың әйгілі 5 дәмдеуішінің бірі де осы жұлдызды анис.
Жұлдызды анис атауы ағаштың бес жемісті жапырақшалары бесжұлдыз түзетін жемісінен шығады. Жеміс диаметрі 0.25-0.5 см, әр жемісті жапырақша ұзындығы 1 см жетеді де әрқайсысының ішінде дәні болады. Кепкен жемістегі хфир майы шығымы 3%-ға жетеді. Негізгі компоненті анетол.
Нота:
Арома типі:
Арома профилі:
Үйлесімді:
Эфир
Ғылыми атауы: illicium verum.
Өсімдік бөлігі:
Экстракция: бумен дистильдеу.
Май сипаты:
Медия
Bibliography
Listening to Scent: An Olfactory Journey with Aromatic Plants and Their Extracts. Jennifer Peace Rhind. 2014. Singing Dragon.
The Illustrated Encyclopedia of Essential Oils: The Complete Guide to the Use of Oils in Aromatherapy and Herbalism. Julia Lawless. 1995. Element Books.
Perfume and Flavor Materials of Natural Origin. Steffen Arctander. 1962. Allured.
Images: Wikimedia Commons.