Қарағай
pinus sylvestris
pinus sylvestris
Жер бетінде 120-дан астам қарағай түрлері бар. Сол қарағай түрлерінің біразы парфюмерияда әрқайсысы алып келетін өзіндік әсері мен қасиеті үшін қолданылады. Мысалы, Скотт қарағайы (pine sylvestris) мен Сібір қарағайы (p. sibirica) түрлі ағаштық қасиеттер қосса, ақ қайың (p. strobus) жарқындық әсерін қосады. Осындайц түрлі қырларымен қатар, көпшілік қарағай түрлерінде парфюмерияда қолданысқа ие шайырлық қасиет бар. Жарқындық пер ароматтылық қарағайды басқа ағаштық ноталардын ерекшелеп тұрады.
Қарағайдың ароматты майын өндірудің ең көп қолданылатын жолы оның діңгегі мен бұталарынан бөлінетін шайырларын бумен дистильдеу болып табылады. Эфир майын ежелгі мысырлықтар мумификацияға қолданса, ортағасырлық Еуропада қалалардағы сасықты жасыру үшін қолданған. Қазір ол үй-тұрмыстық ароматтар құрамында және ерлер дене күтімі тауарларында көп кездеседі.
Нота: бас.
Арома типі:
қылқанжапырақты, ағаштық.
Арома профилі:
күшті, жарқын, ағаштық, жер-иісті, терпендік.
Үйлесімді: мирр мен басқа да шайырлар.
Эфир
Ғылыми атауы: pinus sylvestris.
Өсімдік бөлігі: қылқандары.
Экстракция: бумен дистильдеу.
Май сипаты: түссіз, ашық сұйықтық.
Bibliography
Listening to Scent: An Olfactory Journey with Aromatic Plants and Their Extracts. Jennifer Peace Rhind. 2014. Singing Dragon.
The Illustrated Encyclopedia of Essential Oils: The Complete Guide to the Use of Oils in Aromatherapy and Herbalism. Julia Lawless. 1995. Element Books.
Perfume and Flavor Materials of Natural Origin. Steffen Arctander. 1962. Allured.
Images: Wikimedia Commons.