Пачули
pogostemon cablin
pogostemon cablin
19-ғасырда жүннен тоқылған әсем Кашмир шәлілері Батысқа келе бастады. Бұл нәзік заттарды күйек көбелектен сақтау үшін оларды Оңтүстік-Шығыс Азияда көп өсетін патчули секілді шөптердің жапырағына орап жібере бастады. Патчули Индиядан Еуропаға ұзақ саяхатта шәлілерді жақсы қорғауымен қоса шәлілерге оның қанық, жер-иісті ароматы сіңіп қалады екен. Кашмир шәлілері байлар арасында жоғары сұранысқа ие болғандықтан, патчули иісі уақыт өте келе байлық пен дәулеттің иісіне бастапты. Алайда кейін богема мен куртизандар жасанды маталарға патчули майын сіңдіріп, жасандылығын жасыра бастағанда, патчули иісі байлар арасында сәнділіктен айырылып, богема мен жауапкершіліксіз өмірдің символына айналған екен.
Қалай болғанда да патчули тарихы мұнымен шектелмейді. Соңға археологиялық қазбалар патчули майы іздерін 2000 жыл бұрынғы римдіктердің мүрделерінен табады. 1960 жылдары хиппилер патчулиді өздерінің иіс-символы ретінде таңдап алды, сол уақыттан бері бұл иіс нарықта ең көп пайдаланылатын иістердің біріне айналды.
Патчулиді ең алғаш иіскегенде оны ағаштан не шайырдан алынған деп ойлап қалуыңыз мүмкін, бірақ шындығында иіс жалпақ жапырақты шөпті бумен дистильдеу арқылы алынады. Парфюмерияда патчули өзінің фиксатив қасиеті үшін жоғары бағаланады.
Патчули биіктігі 1 метрге жететін, көпжылдық, жапырағы жалбызға ұқсас өсімдік. Ол негізінен эфир майы үшін жаппай өсіріледі. Майда секвитерпеноидтар көп, олардың ішінде патчулол, немесе патчули камфоры, эфир майының жалпы иісіне көп үлес қосады.
Құрамында патчули бар түрлі майлар, экстракттар мен шәйлар дәстүрлі медицинада суық тию, бас ауруы мен басқа да дерттерді емдеуге қолданылып келеді.
Нота: базалық.
Арома типі: жер-иісті.
Арома профилі:
терең, қанық, жылы, жер-мен-ағаш иісті, тәтті-шөптік, түтін ізі бар.
Үйлесімді: пұтағаш, лаванда, дамиана, магнолия, мускат сәлбені және кедр мен басқа да ағаштылар.
Эфир
Ғылыми атауы: pogostemon cablin.
Өсімдік бөлігі: жапырақтары.
Экстракция: бумен дистильдеу.
Май сипаты: ашық янтарь түсті.
Медия
Bibliography
Listening to Scent: An Olfactory Journey with Aromatic Plants and Their Extracts. Jennifer Peace Rhind. 2014. Singing Dragon.
The Illustrated Encyclopedia of Essential Oils: The Complete Guide to the Use of Oils in Aromatherapy and Herbalism. Julia Lawless. 1995. Element Books.
Perfume and Flavor Materials of Natural Origin. Steffen Arctander. 1962. Allured.
Images: Wikimedia Commons.