Лицея
litsea cubeba
litsea cubeba
Litsea cubeba-ның эфир майы оның кішкентай, қарабұрышқа ұқсас жемісін бумен дистильдеу арқылы өндіріледі. Иісі жарқын цитрусты, кеуіп жатқан кезде нәзік тәттілік пен шөптік аромат беретін, басқа парфюмдерді кесіп өтіп жайылатындай өткір тарағыштыққа ие. Бірақ осыған қарамастан орта нотаға жатқызылатын иіс.
Кейде оны “экзотикалық вербене” немесе “тропикалық вербена” деп те атайды, бірақ литцея даршын мен розаағаш секілді Lauraceae әулетіне жатады, яғни вербенаға қатысы жоқ.
Жемісінен алынатын ақшылсары эфир майының шығымы мардымсыз. Жәнеде майдың құрамындағы ең маңызды компонент түрлі химиялық синтездерде қолданылатын цитрал болғандықтан, түрлі зерттеулер эфир майы шығымын арттыруға бағытталып келеді.
Қытай лицея ең көп өндіретін ел болып табылады және ол қытайдың дәстүрлі мещицинасында іш аурудан холераға дейін ауруларға қарсы қолданылып келеді.
Лицея эфир майы парфюмериядан бөлек көптеген ароматизаторлар құрамына да енеді және оның антиоксиданттық қасиеті де анықталған.
Laurel тобына жататын кішігірім litsea cubeba Оңтүстік-Шығыс Азияның Непалдан басталып Япония, оңтүстікте Индонезия аралдарына дейін қамтитын аймағында таралған. Эфир майы жергілікті базарларда “мэй чанг” деп аталатын, кей аймақтардың тағамдарында қолданылатын дәмдейіш ретінде сатылады. Лицея майы монотерпенойдтарға бай.
Нота: бас.
Арома типі: цитрусты, жасыл.
Арома профилі:
қанық, жарқын, тәтті, жасыл, жемістік, цитрустық.
Үйлесімді: ладан мен басқа шайырлар.
Эфир
Ғылыми атауы: litsea cubeba
Өсімдік бөлігі: жемісі.
Экстракция: бумен дистильдеу.
Май сипаты: ашық сары сұйықтық.
Bibliography
Listening to Scent: An Olfactory Journey with Aromatic Plants and Their Extracts. Jennifer Peace Rhind. 2014. Singing Dragon.
The Illustrated Encyclopedia of Essential Oils: The Complete Guide to the Use of Oils in Aromatherapy and Herbalism. Julia Lawless. 1995. Element Books.
Perfume and Flavor Materials of Natural Origin. Steffen Arctander. 1962. Allured.
Images: Wikimedia Commons.