Манука
leptospermum scoparium
leptospermum scoparium
Манука (leptospermum scoparium) -- отаны Жаңа Зеландия, Оңтүстік-Шығыс Аустралия, Чатем аралдары болып келетін, субтропиктік биомда өсетін, мәңгіжасыл бұта түрі. Гүлі ақ немесе кейде қызғылт түсті болып келеді. Бұл өсімдік ең алдымен оның гүлдерінен жиналатын манука балымен танымал. Манука балы тұтқыр текстурасы мен жер-иісті жағымды дәмі үшін, антибактериалық және антиоксиданттық қасиеті үшін жоғары бағаланады. Көптеген адамдар бұл балды ішек құрылысы мен ауыз қуысы денсаулығын жақсарту үшін күнделікті пайдаланады.
Манука Жаңа Зеландиялық Маорилардың тұрмысында ғасырлар бойы құрылыс пен құрал-қару жасауға және емдік қасиеттері үшін қолданылып келген. Маори дәстүрлі медицинасында (rongoa) манука жапырағы тұнбасын қызу көтерілгенде не зәр айдауда, ағашының қабығы мен күлін тері ауруларына қарсы қолданған. Ағаш үнтағын ет пен балып ыстау кезінде ерекше дәм беру үшін де пайдаланған. Манука балын жарақаттарға, ішек аурулары мен жөтел кезінде, және жалпы денсаулық үшін тұтынған. Осындай көптеген пайдаларына қарай Маори халқы манука ағашын "taonga", яғни "қазына" деп атап, жоғары бағалаған.
Манука өте қолайсыз орталарда өсуімен ерекшеленеді. Бұл өсімдік батпақтар мен қуаң аймақтарда да өсе береді. Тіпті үлкен орман өрттерінен кейін ең алғаш қайта өсіп шығатын ағаш манука екені байқалған. Осы қасиетіне қарай мануканы коррозияға үшыраған топырақта қалпына келтірген кезде бірінші отырғызады екен.
Манука эфир майы ағаштың бұталары мен жапырақтарын бумен дистильдей арқылы алынады.Майдың иісі жұмсақ, нәзік, тәтті, жер-иісті және бал-иісті болып келеді.
Нота: орта.
Армоа типі: шөптік.
Арома профилі:
тез таралғыш, жарқын, нәзік, шөптік тәттілікке ие.
Үйлесімді: қарабұрыш, түймедақ, қазтамақ және лицея.
Эфир
Ғылыми атауы: leptospermum scoparium.
Өсімдік бөлігі: бұтағы мен жапырағы.
Экстракция: бумен дистильдеу.
Май сипаты: ашық сары сұйықтық
Медия
Bibliography
Listening to Scent: An Olfactory Journey with Aromatic Plants and Their Extracts. Jennifer Peace Rhind. 2014. Singing Dragon.
The Illustrated Encyclopedia of Essential Oils: The Complete Guide to the Use of Oils in Aromatherapy and Herbalism. Julia Lawless. 1995. Element Books.
Perfume and Flavor Materials of Natural Origin. Steffen Arctander. 1962. Allured.
Images: Wikimedia Commons