Вирджиния Аршасы
juniperus virginiana
juniperus virginiana
Бергамот майы парфюмерияда ең көп қолданылатын эфир майларының бірі. Оның басым бөлігі Италиядағы Калабрия аймағында өндіріледі; жергілікті бергамот майын өндіруші әулеттер экономикалық құлдыраулар мен жойқын жерсілкінісі апаты секілді қиыншылықтарға қарамастан ғасырлар бойы жалғасқан дәстүрлі өндірісті сақтап келеді.
Бергамоттың перфюмерияда қолданылуы туралы ең алғаш дерек 1686 жылы сицилиялық Френцис Прокопий Францияда “бергамот суын” тарата бастағанда пайда болды. Ал 1709 жылы немістің Кёлн қаласына көшіп келген италияндық Джованни Мария Фарина “Eau de Cologne”, яғни одиколонды (“Кёлн суы”) жаппай сата бастағанда бергамот нарықтағы әтір түрлерінің жартысынан көбінің құрамына еніп үлгерді.
Бергамот иісі— Earl Grey шәйін ұнататындарға өте таныс иіс, өйткені оны шәйға иістендіргіш ретінде қосады. Иісі лимон не апельсин секілді басқа цитрустар иісіне ұқсайды, бірақ олармен салыстырғанда бір жағынан ащы, бір жағынан жұмсақ әрі тартымды әлдеқайда күрделі аромаға ие.
Бергамот иісі бас нота болып саналады және оны көбінесе жемістің қабығын салқын сығу арқылы өндіреді. Парфюмерияда кейде жандандырғыш жарқындық сыйлайтын басты компонент ретінде қолданса, кейде әтірдегі спирт иісін жасыру секілді байқала бермейтін әсері үшін де қолданады.
Нота: бас.
Арома типі: цитрус.
Арома профилі:
жарқын, тәтті, жандандыратын, және жеңіл шөптік, ащылау ізді, цитрус пен жасыл иістердің үйлесімді қосындысы
Үйлесімді: лаванда, нероли, жасмин, кипарис, қазтамақ (geranium), лимон, түймедақ (chamomile), арша, кориандр мен шегіргүл (violet).
Ғылыми атауы: citrus aurantium var. bergamia.
Таралуы: бастапқыда тропикалық Азияда өскен. Қазір Калабрия (Италия) мен Кот-д'Ивуарда коммерсиялық ауқымда өсіріледі.
Сипаттамасы: беті тегіс, сопақша жапырақты, түрі кішейтілген апельсиндей, домалақ, өсе келе түсі жасылдан сарыға өзгеретін жемісі бар, биіктігі 4.5 метрдей кішкентай ағаш.
Өсімдік бөлігі: жеміс қабығы.
Экстракция: салқын сығу.
Май сипаты: жасыл-сары, мөлдір, сұйық.
Listening to Scent: An Olfactory Journey with Aromatic Plants and Their Extracts. Jennifer Peace Rhind. 2014. Singing Dragon.
The Illustrated Encyclopedia of Essential Oils: The Complete Guide to the Use of Oils in Aromatherapy and Herbalism. Julia Lawless. 1995. Element Books.
Perfume and Flavor Materials of Natural Origin. Steffen Arctander. 1962. Allured.
Kew - Fragrance: From plant to perfume, the botanical origins of scent. Josh Carter and Samuel Gearing. 2024. Welbeck.
Images: Wikimedia Commons.