Фрагония
agonis fragrans
agonis fragrans
Фрагония майы Батыс Аустралияда өсетін agonis fragrans атты бұтаның жапырақтары мен бұтақтарын бумендистильдеу арқылы өндіріледі. Оның иісі тәтті, гүлдік, біраз цитрусты болып келеді. Эфир майларын зерттеуші Даниэль Пеноель, PhD фрогония майы ароматты молекулалардың "киелі үштігі" 1,8-цинеол, альфа-пинен мен монотерпен спирттердің (альфо-терпениол, линалоол, гераниол мен терпинен-4-ол) 1:1:1 қатынасы үйлесімді сақталған ерекше май деп тұжырымдайды.
Фрагония иісі басқалармен салыстырғанда жаңа иіс. Ол иістер нарығында тек 2000-жылдардың басында ғана пайда болды. Ең алғаш агонистер түріне жататын бірақ ғылымға әлі белгісіз ароматты өсімдікті 1996 жылы флористтер байқаған екен. 2000-жылы эфир майлы өсімдіктерді өсіретін фермерлер Джон мен Пэта Дэй аустралиялық ботаник ғалыс Крис Робинсонның Батыс Аустралияда табылған ароматты жаңа агонис түрі туралы және оны жаппай өсіріп нарыққа шығару мүмкіндігі туралы мақаласын оқып қалады. Бұған қызыққан фермерлер 2001-жылы бұл өсімдіктің 5000 көшетін отырғызады. Латынша agonis fragrans атауы мен жұпар иісін меңзейтін "fragona" атауын да осы фермерлер қояды. Сол уақыттан бері Джон мен Пэта негізін қалаған Paperbark Co. Компаниясы фрагонияның жалғыз өндірушісі болып табылады.
Нота: орта.
Арома типі: цинеолдық, балғын.
Арома профилі:
жарқын, тәтті. жандандыратын, цитрусты, шамалы бальзамдық, жемістік, гүлдік және шөптік.
Үйлесімді: лаванда, нероли, жасмин, кипарис, қазтамақ, лимон, түймедақ, арша.
Эфир
Ғылыми атауы: agonis fragrans.
Өсімдік бөлігі: жапырағы мен бұтағы.
Экстракция: бумен дистильдеу.
Май сипаты: өте ашық сары не түссіз сұйықтық.
Bibliography
Listening to Scent: An Olfactory Journey with Aromatic Plants and Their Extracts. Jennifer Peace Rhind. 2014. Singing Dragon.
The Illustrated Encyclopedia of Essential Oils: The Complete Guide to the Use of Oils in Aromatherapy and Herbalism. Julia Lawless. 1995. Element Books.
Perfume and Flavor Materials of Natural Origin. Steffen Arctander. 1962. Allured.
Images: Wikimedia Commons.