Кипарис
cupressus sempervirens
cupressus sempervirens
Жалпы кипарис дәстүрлі ерлерге арналған иіссуларда көп кездеседі, бірақ кейде оны гүлдік, дәмдеуіштік, және ағаштық иістерге тереңдік әсерін қосу үшін де пайдаланады.
Кипарис майы өндірісі ағаштың қылқандары мен бұталарын бумен дистильдеу арқылы жүзеге асады. Кипарис эфир майы да, абсолюті де парфюмерияда қолданыс тапқан.
Жасыл әрі ағаштық иісіне қарай кей адамдар кипаристі қарағаймен салыстырады, алайда кипарис ұзақ сақталатындығымен қоса біраз ерекшеліктерге ие.
Кипариа иісі ладан, мир мекілді хошиістендіргіштерге ұқсайды. Сондықтан болар оны кей халықтар киелі кипаристі есептеген. Оның ағашын тіпті Рим папаларының табытын жасауға қолданатын болған. Ежелгі гректер кипарис иісі ойды тыныштандырады деп сенген.
Нота: орта.
Арома типі: терпендік, ағаштық.
Арома профилі:
қарағайға ұқсас, жер-иісті, терпендік.
Үйлесімді: ладан мен басқа да шайырлар
Эфир
Ғылыми атауы: cupressus sempervirens.
Өсімдік бөлігі: қылқаны мен бұтағы.
Экстракция: бумен дистильдеу.
Май сипаты: түссіз не ақшыл сары аққыш сұйықтық.
Библиография
Listening to Scent: An Olfactory Journey with Aromatic Plants and Their Extracts. Jennifer Peace Rhind. 2014. Singing Dragon.
The Illustrated Encyclopedia of Essential Oils: The Complete Guide to the Use of Oils in Aromatherapy and Herbalism. Julia Lawless. 1995. Element Books.
Perfume and Flavor Materials of Natural Origin. Steffen Arctander. 1962. Allured.
Images: Wikimedia Commons.