Қалампыр
eugenia caryophyllata
eugenia caryophyllata
Қалампыр майы мирттар әулетіне жататын тропикалық өсімдіктің кепкен бүршіктерін бумен дистильдеу арқылы алынады. Қалампыр бүршіктері алдымен ақшыл жасыл түсті болып шығады, кейін баяу қызара бастайды да, гүлдемей тұрып теріліп алынады. Ол дәмдеуіштік, гүлдік және тәтті иіске ие эйгенолға бай келеді. Эйгенол даршын, имбирь, мускат жаңғағы секілді өсімдіктерде табылғанымен тек қалампфрды ғана көп кездесетін басты компонент болып табылады (70%-дан 90%-ға дейін). Эфир майын қалампырдың жапырағы мен бұтасынан да өндіруге болады. Бірақ бұл май біршама кійген, ащылау және құрғағырақ иіс береді.
Қалай болғанда да, қалампыр парфюмерияда жағымды жылулық сыйлайтын, әсіресе ваниль, шайырлар мен ағаштық ноталармен керемет үйлесетін орта нота ретінде жоғары бағаланады.
Негізінен отаны Молукка (қазіргі Индонезия) болып келетін syzygium aromaticum қазір басқа елдерде де өсіріледі. Түрлі асханаларда дәмдеуіш ретінде қолданылуымен қатар, кейбір елдерде темекі ретінде шегілсе, кей жердерде дәрі ретінде де пайдаланылады.
Нота: бас.
Арома типі: дәмдеуіштік.
Арома профилі:
тәттә, ағаштық, дәмдеуіштік.
Үйлесімді: даршын мен апельсин секілді дәмдеуіштер мен цитрустар.
Эфир
Ғылыми атауы: eugenia caryophyllata.
Өсімдік бөлігі: бүршіктері.
Экстракция: бумен дистильдеу.
Май сипаты: ашық сары сұйықтық.
Media
Bibliography
Listening to Scent: An Olfactory Journey with Aromatic Plants and Their Extracts. Jennifer Peace Rhind. 2014. Singing Dragon.
The Illustrated Encyclopedia of Essential Oils: The Complete Guide to the Use of Oils in Aromatherapy and Herbalism. Julia Lawless. 1995. Element Books.
Perfume and Flavor Materials of Natural Origin. Steffen Arctander. 1962. Allured.
Images: Wikimedia Commons