Мускат Сәлбені
salvia sclarea
salvia sclarea
Бірегей ароматы үшін парфюмерияда жиі қолданылатын мускат сәлбені эфир майы ғылыми атауы salvia sclarea болып келетін өсімдіктің гүлдеген сабағынан алынады. Өндіру тәсіліне қарай тәтті әрі шөптік иіске ие эфир майын немесе өткір темекілік иіс беретін абсолютке қол жеткізуге болады.
Ежелгі римдіктер мускат сәлбені афродизиак қасиетке ие деп сенген және ол дәстүрлі медицинада 4-нші ғасырдан бері қолданылып келеді.
Бұл кейде “тазалық иісі” деп те аталады, өйткені ағылшынша атауындағы (clary sage) “clary” сөзі латынның “clarus” деген сөзінен шыққан және “таза” деген мағынаны білдіреді.
Бір қызығы, мускат сәлбенінің құрамында склареол деп аталатын органикалық зат бар. Өз кезегінде ол амбергристі алмастырушы амброксанды синтездеуге қолданылады. Амбергрис “қалқып жүретін алтын” деген атқа ие, өйткені ол кашалоттың асқорту жүйесінен бөлінетін өте сирек затта табылады және өте жоғары бағаланады, сондықтан мускат сәлбенінен өндірілетін амброксан өте тартымды алмастырушы болып табылады.
Ұшқыштық қасиет орташа болғандықтан мускат сәлбені орта нота ретінде қолданылады. Қосындыларға "табиғи" сезім қосатын, гүлдік және ағаштық әсерлер сыйлайтын, сонымен қатар басқа ноталардағы иістерді түрлендіруші қасиеті үшін қолданылады.
Дәстүрлі медицинада кеңінен пайдаланылатын болғандықтан, мускат сәлбенінің латынша атауындағы "salvia" сөзі "сау болу" деген мағынаны білдіреді. Оны ішек ауруларына, қызыл иектің ісуіне, жалпы нашар денсаулықта, және жүйкені тыныштандыру үшін қолданған. Сонымен қатар көз аурулары емі ретінде танылған. Зерттеулер мускат сәлбені майы, әсіресе онық құрамындағы склереол, антибактериалық әсерге ие екенін анықтаған.
Нота: орта.
Арома типі: шөптік.
Арома профилі:
тәтті, шөптік, таза және Earl Grey шәйіне ұқсас.
өте қанық, тез таралатын, балғын, тәтті-шөпті; сәл ащылау шәй, жұмсақ темекі, тері секілді іздер кепкен кезде байқала бастайды; ұзақ сақталады.
Үйлесімді: роза мен басқа да гүлділер.
Эфир
Ғылыми атауы: salvia sclarea.
Өсімдік бөлігі: жапырақтары мен гүлдері.
Экстракция: бумен дистильдеу.
Май сипаты: жасыл сары, ашық, сұйық, ақпа сұйықтық.
Библиография
Listening to Scent: An Olfactory Journey with Aromatic Plants and Their Extracts. Jennifer Peace Rhind. 2014. Singing Dragon.
The Illustrated Encyclopedia of Essential Oils: The Complete Guide to the Use of Oils in Aromatherapy and Herbalism. Julia Lawless. 1995. Element Books.
Perfume and Flavor Materials of Natural Origin. Steffen Arctander. 1962. Allured.
Images: Wikimedia Commons.