Цистус
cistus ladanifer
cistus ladanifer
Парфюмерияда қолданылатын ерекше шайырлардың бірі— лабданум. Бұл шайыр жабысқақ, қатты болып келеді, Жерорта теңізі жағалауындағы елдерде жабайы өсетін cistus ladanifer атты өсімдіктен алынады. Бұрындары адамдар шайырды аталып өткен өсімдікпен қоректенген ешкілердің жүніне жабысқан қара түсті затты тарап алу арқылы жинайтын болған екен.
Өсімдікке келетін болсақ, бұл кішкентай бұтада өте әдемі ақ түсті гүл өседі. Гүлдерде біраз иіс болғанымен олар парфюмерияда қоданылмайды. Керісінше шайыры парфюмер кеңінен қолданылады және көптеген ароматтарда өзіндік иістерге бай базалық нота ретінде танымал. Иісі тәтті, біршама жануарлық лебі бар болып келеді, тамаша фиксатив қасиетке ие.
Шайыр ұзақ тұрған сайын қатая береді. Ақыр соңында шытынағыш күйге түседі. Парфюмерияға керек иісті алу үшін алдымен ол ерітіліп, кір, құм, және басқа да бөгде заттардан тазартылады. Кейін одан өте жоғары бағаланатын абсолют немесе бумен дистилдеумен цистус деп аталатын май алуға болады.
Тасрозалар әулетінің мүшесі болып табылатын cistus ladanifer әсіресе Иберияда көп өседі. Ең биігі 2.5 метрге дейін жететін, жапырақтары жабысқақ қабатқа ие, мәңгіжасыл бұтаның жапырақтары мен бұтақтарын қайнатып лабдан шайырын алады. Ол парфюмерияда сұранысқа ие ұшқыш молекулаларға, әсіресе монотерпенойдтарға бай.
Нота: орта-базалық.
Арома типі: янтарьлы, шайырлы.
Арома профилі:
күшті, терең, жылы, тәтті бальзамды, тері мен жануарлық/мускусты іздері бар, баурап алатын арома.
бұрыштық, жер-иісті және дәмдеуіштік.
Үйлесімді: ветивер және басқа шайырлар.
Эфир
Ғылыми атауы: cistus ladanifer.
Өсімдік бөлігі: жапырақтары, шыбықтары.
Экстракция: бумен дистильдеу.
Май сипаты: орташа сары, ашық, ақпа сұйықтық.
Медия
Библиография
Listening to Scent: An Olfactory Journey with Aromatic Plants and Their Extracts. Jennifer Peace Rhind. 2014. Singing Dragon.
The Illustrated Encyclopedia of Essential Oils: The Complete Guide to the Use of Oils in Aromatherapy and Herbalism. Julia Lawless. 1995. Element Books.
Perfume and Flavor Materials of Natural Origin. Steffen Arctander. 1962. Allured.
Images: Wikimedia Commons.