Римдік түймедақ
chamaemelum nobile
Римдік түймедақ (chamaemelum nobile)— отаны Солтүстік Африка мен Еуропа болып келетін, Asteraceae әулетіне жататытын, мәңгіжасыл, көпжылдық өсімдік. C. nobile бұрын латынша anthemis nobilis деп аталып келген. Ол өскенде сарғыш-жасыл, жіңішке, қауырсын секілді жапырақтары жерге таралып, кілемшеге ұқсап өседі, гүлінің сары түсті ортасын ақ түсті күлтелер қоршаған. Бұл түймедақ түрі құрғақ және құмды топырақта, толық күн астында не жартылай көлеңкелі ортада жақсы өседі.
Бұл өсімдік ертеден алмаға ұқсас иісімен ерекшеленген. Гректер оған "жер алмасы" деген атау берсе ("χαμαί" (chamai) "жер бетінде" және "μήλον" (mēlon) "алма" деген мағынаны білдіреді), испандықтар оны "manzanilla" яғни "кішкентай алма" деп атаған.
C. nobile емдік қасиеттері үшін көне жазбаларда пайда болған ең алғашқы өсімдіктердің бірі. Дәстүрлі медицинада оны сырттай жарақаттарды, тітіркенулер мен зарарлану кезінде, ал іштей жүйкені тыныштандыру, ұйқы шақыру, және іш ауруына қолданған дейді. Алайда өткен ғасырларда жазылған жазбаларды оқығанда бір қиындық туындайды. Ертеректегі авторлар өз кітаптарында бір-біріне өте ұқсас, бірақ Anthemis, Chrysanthemum, және Matricaria секілді әртүрлі әулеттерге жататын Римдік, Неміс, жабайы, т.б. түймедақтарды бір-бірінен ажыратып жатпаған. Сондықтан, мысалы, ежелгі гректер мен римдіктер қай түймедақты меңзеп жатқанын түсіну қиын. Тіпті 17-нші ғасырға дейін осындай үрдіс жалғасып келген.
Нота: бас.
Арома типі: жемістік, шөптік.
Арома профилі:
күшті таралатын, балғын, жасыл алма қабығы мен алмұрт секілді ноталы, тәтті-жылы, жемістік/шөптік арома;
күшті, тәтті, сәл жемістік және шөптік.
Үйлесімді: қазтамақ (geranium) және басқа гүлділер.
Эфир
Ғылыми атауы: chamaemelum nobile.
Өсімдік бөлігі: гүлдері.
Экстракция: бумен дистильдеу.
Май сипаты: түссіз не ашық сары; ашық, ақпа сұйықтық.
Медия
Bibliography
Listening to Scent: An Olfactory Journey with Aromatic Plants and Their Extracts. Jennifer Peace Rhind. 2014. Singing Dragon.
The Illustrated Encyclopedia of Essential Oils: The Complete Guide to the Use of Oils in Aromatherapy and Herbalism. Julia Lawless. 1995. Element Books.
Perfume and Flavor Materials of Natural Origin. Steffen Arctander. 1962. Allured.
Chemistry section: J. Essent. Oil Res., 15, 83-85, 2003; Appl. J. Envir. Eng. Sci. 5 N°4(2019) 342-348
Images: Wikimedia Commons