Кассия
cinnamomum cassia
cinnamomum cassia
Кассия деп Lauraceae әулетіне жататын ағашты не оның ароматты қабығынан дайындалған дәмдеуішті атайды. Кассия даршыны (cinnamomum cassia) қабығы бұл өсімдіктің жақын туысқаны болып келетін нағыз даршынның (cinnamomum versus) қабығына өте ұқсас, бірақ кассияныңкі күштірек, өткір, тік және қанық иіске ие.
Кассия қабығы аспаздықта және әсіресе ішімдіктер мен шоколадтырда дәмдеуіш ретінде қолданылады. Оның ұнтағы (фенхель, қалампыр, жұлдызды анис, және сычуан бұрышымен бірге) әйгілі қытайдың бес ұнтақталған дәмдеуіші қатарына кіреді. Қабықтан жалпы шығымы 2%-ға жететін, негізгі компоненті циннамаль (cinnamaldehyde) болып келетін кассия майын алады.
Кассия қабығы ағаш діңгегінен не бұтағынан сыдырылып алынады да кептіріліп қойылады. Кепкен кезде қабық өзді-өзіне оралып, ашық қызғылт қоңыр түсті орамаға айналады.
Нарықта кассияны шыққан жеріне қарай Қытай, Индонезия, және Вьетнам кассиясы деп бөледі. Негізі бұлар даршынның ботаникалық тұрғыда үш бөлек түріне жатады: қытай кассиясы—cinnamomum cassia, индонезиялық—cinnamomum burmannii, вьетнамнық— cinnamomum loureiroi. Үшеуі де тәтті, ароматты әрі қанық иіске ие, бірақ Қытай кассиясының ароматы азырақ болып келеді. Үш кассияның ішінде Вьетнамдық, немесе Сайгондық, кассия өте жоғары бағаланады.
Note: орта.
Aroma Family: дәмдеуішті.
Aroma profile:
өте өткір, тәтті, жылы, нағыз даршынға ұқсас, біраз ағаштық иіске ие.
Үйлесімді: тәтті апельсин, қалампыр, және басқа да дәмдеуіштілер.
Эфир
Ғылыми атауы: cinnamomum cassia.
Өсімдік бөлігі: ағаш қабығы.
Экстракция: бумен дистильдеу.
Май сипаты: қанық, қызғылт сары, тұнық сұйықтық
Медия
Bibliography
Listening to Scent: An Olfactory Journey with Aromatic Plants and Their Extracts. Jennifer Peace Rhind. 2014. Singing Dragon.
The Illustrated Encyclopedia of Essential Oils: The Complete Guide to the Use of Oils in Aromatherapy and Herbalism. Julia Lawless. 1995. Element Books.
Perfume and Flavor Materials of Natural Origin. Steffen Arctander. 1962. Allured.
Chemistry section: Microbiology, 2014, Vol. 83, No. 4, pp. 357–365 (DOI: 10.1134/S0026261714040067); Journal of Applied Microbiology, 2020, Vol. 129, No. 4, 1, pp. 906–915 (DOI:10.1111/jam.14683).
Images: Wikimedia Commons.